"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2022 жылға арналған ESG тәуекел рейтингінің жаңартылған бағалауын алды
/KASE, 18.10.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 18 қазанындағы ақпараттық хабарламасында былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Sustainalytics агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының 2022 жылғы экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) саласындағы қызметіне кезекті кешенді зерттеу жүргізіп, тиімділігіне баға берді.
Рейтинг агенттігі ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқару деңгейін 32,3 балға бағалады, бұған дейінгі берілген көрсеткіш – 28,5 балл.
Салыстырмалы рейтингте ҚМГ Sustainalytics агенттігі бағалаған әлемдегі 306 мұнай-газ компаниясының арасында 18-ші орыннан 40-шы орынға жылжыды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
[2023-10-18]