"HALYK FINANCE" АҚ, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ, "FREEDOM
FINANCE" АҚ, "BCC INVEST" АҚ ЖӘНЕ "JUSAN INVEST" АҚ SPO
ШЕҢБЕРІНДЕ "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА
ЖАЗЫЛЫМҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
18.10.23 09:00
/KASE, 18.10.23, 17.10.23 жаңалығын қайталау/ – "KEGOC" АҚ (Астана)
KZ1C00000959 жай акцияларына (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты,
KEGC) жария ұсыным жүргізу кезінде бірлескен үйлестірушілер мен
букраннерлер болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы
"Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, сондай-ақ
бірлескен букраннерлер болып табылатын "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес
ұйымы – "BCC Invest" АҚ және "First Heartland Jusan Invest" АҚ
Қазақстандық қор биржасына (KASE) келесі мазмұндағы хабарламаны ұсынды:
дәйексөздің басы
АКЦИЯЛАРДЫ ЖАРИЯ ҰСЫНУ ЖҮРГІЗУДІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
-----------------------------------------------------------------
Эмитенттің атауы "KEGOC" АҚ
Бағалы қағаздардың түрі Жай акциялар
Бағалы қағаздардың ISIN-і KZ1C00000959
Тикер (активтің қысқаша атауы) KEGC3
Жазылым арқылы сатылатын 15 294 118 жай акцияға дейін қоса
жай акциялардың саны алғанда
Бір акцияның бағасы 1 482 теңге
-----------------------------------------------------------------
АКЦИЯЛАРДЫ ЖАРИЯ ҰСЫНУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТАЛАПТАРЫ:
---------------------------------------------------------------------------------
Инвесторлардан өтінімдерді 2023 жылдың 16 қазаны Алматы уақытымен
қабылдау кезеңінің басталу күні сағат 12:00-ден бастап
мен уақыты: 2023 жылдың 17 қазанынан бастап
2 қарашаны қоса алғанға дейінгі кезеңде –
Алматы уақытымен сағат 09: 00-ден бастап
Инвесторлардан өтінімдерді 2023 жылдың 16 қазанынан бастап
қабылдау кезеңінің аяқталу күні 2023 жылдың 2 қарашаны қоса алғанда –
мен уақыты Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін*
Өтінімдерді растау кезеңі өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін
15 минут ішінде
Нарықтық өтінімдерді қабылдау Тек шектелімді өтінімдер қабылданады
Қамтамасыз етудің жеткіліктілігін 2023 жыл 31 қазан, Алматы уақытымен
тексеру 17:00
Өтінімдерді іске қосу күні мен 2023 жыл 31 қазан, Алматы уақытымен
уақыты 17:00
Сауда-саттық тәртіптемесіі ОК-пен
Есеп айырысуды жүзеге асыру Қазақстандық теңге
валютасы
Өтінімдерді тексеру критерийі 1) Жеке тұлға-инвестордың тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) немесе заңды тұлға-
инвестордың атауы;
2) Жеке тұлға-инвестордың жеке
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе заңды
тұлға-инвестордың бизнес-сәйкестендіру
нөмірі (БСН);
3) Жеке тұлға-инвестордың азаматтығы
немесе заңнамаға сәйкес заңды тұлға-
инвестордың заңды тұлға ретінде тіркеу
жүзеге асырылған мемлекет;
4) Жеке тұлға-инвестордың тұрғылықты жері
(әкімшілік – аумақтық бірлігін көрсете отырып)
немесе ақпарат берілмеуі мүмкін омнибус
шоттарды қоспағанда, заңды тұлға-
инвестордың мекенжайы**;
5) Өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін
беретін брокердің / Биржа мүшесінің атауы;
6) Инвестор түрі: жеке тұлға немесе ұйым.
Сатып алушылардың өтінімдерін "Бағалы қағаздардың орталық
қанағаттандыру процедурасы депозитарийі" АҚ
аяқталғаннан кейін мәмілелер
бойынша есеп айырысуды жүзеге
асыратын ұйым
Мәмілелер жасалған күн мен 2023 жылдың 9 қарашасында Алматы
уақыт уақытымен сағат 16:45-тен бастап
Есеп айырысуды жүзеге асыру 2023 жылдың 9 қарашасында Алматы
күні мен уақыты уақытымен сағат 17:30-дан бастап Орталық
депозитариймен операциялық күн
жабылғанға дейін
Бірлескен үйлестірушілер мен "Halyk Finance" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ,
букраннерлер: "Фридом Финанс" АҚ
Бірлескен букраннерлер: "BCC Invest" АҚ және "Jusan Invest" АҚ
---------------------------------------------------------------------------------
* Биржаның сауда-клирингілік жүйесінде сегрегацияланған жаңа шот ашу
депоненттің Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде дербес шоты
ашылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тиісінше,
акцияларды жария ұсынымға қатысу үшін бағалы қағаздардың Орталық
депозитарийіндегі жаңа дербес шотты өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге
дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет (яғни, 2023 жылдың
1 қарашасынан кешіктірмей).
** Заңды тұлға-инвестордың мекенжайы ретінде оның орналасқан жерінің
мекенжайы немесе нақты мекенжайы (егер ол осы тұлғаның орналасқан
жерінен өзгеше болса) немесе пошталық мекенжайы (егер ол осы тұлғаның
нақты мекенжайынан өзгеше болса) көрсетіледі.
Акцияларды жария ұсынудың өзге де шарттары:
KASE мүшелері омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан
өтінімдер жіберген жағдайда, бұл өтінімдерді KASE үшін белгіленген
форматта инвесторлар туралы ақпарат ашылған, атап айтқанда, веб-
модуль арқылы эмитенттің талаптарына сәйкес дербес деректер ашылған
жағдайда ғана KASE қабылдайды.
Акцияларды сатып алуға өтінімдерді бөлшек инвесторлар – Қазақстан
Республикасының азаматтары, институционалдық инвесторлар – Қазақстан
Республикасының резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
бейрезидент инвесторлары (бөлшек және институционалдық) беруге
құқылы.
Бір өтінімге акциялардың ең аз саны: 1 (бір акция). Бір өтінімге акциялардың
максималды саны шектелмейді. Бір тұлғадан берілетін өтінімдер саны
шектелмейді.
Өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе ішінара) эмитенттің дербес
қалауы бойынша мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарының болып табылатын
инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандырудың басымдығы
өтінімдерді қанағаттандырудың мынадай тәртібіне сәйкес жүзеге
асырылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын бөлшек
инвесторларының өтінімдері бірінші кезекте ұсынылатын
акциялардың жалпы санынан максималды мүмкін көлемде
қанағаттандырылады (орналастырылатын акцияларды
басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру шеңберінде
орналастырылатын акцияларды сатып алуға өтінім берген
ағымдағы акционерлер арасында пропорционалды бөлуді ескере
отырып);
2) өзге инвесторлардың (Қазақстан Республикасының
институционалдық инвесторларын және бейрезидент
инвесторларды қоса алғанда) өтінімдері екінші кезекте
ұсынылатын акциялардың жалпы санынан барынша ықтимал
көлемде, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын
бөлшек инвесторлардың барлық өтінімдерінің толық көлемінде
қанағаттандыру үшін қажетті акциялар санын шегергенде
қанағаттандырылады.
2. Егер эмитенттің пікірі бойынша (оның дұрыстығы мен негізділігіне
қарамастан) мұндай қанағаттану: (1) бір тұлғада немесе байланысты
тұлғалар тобында акциялардың жоғары шоғырлануының пайда
болуына немесе әкелуі мүмкін; және (немесе) (2) заңнаманың және
(немесе) қолданылатын комплаенс процедураларының қолданылатын
талаптарын бұзуға әкеп соқтыратын жағдайда эмитенттің өз қалауы
бойынша кез келген өтінімді (толық немесе ішінара) қанағаттандырудан
бас тарту сөзсіз құқығы.
Бір тұлғада немесе байланысты тұлғалар тобында акциялардың жоғары
шоғырлануын тексеру мақсатында бірлескен букраннерлер қабылданған
өтінімдерге мынадай қосымша критерийлер бойынша тексеру жүргізеді:
1. көлемі эмитенттің орналастырылған жай акцияларының санынан 1 %
және одан көп болатын ірі өтінімдер.
2. бір жеке немесе заңды тұлға әртүрлі брокерлер немесе бір брокер
арқылы берген және жиынтық көлемі эмитенттің орналастырылған жай
акциялары санының 1 % немесе одан да көбін құрайтын қайталама /
көптеген өтінімдер.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін бірлескен
букраннерлердің келесі өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
Halyk Finance: +7 (727) 339-43-77/88 (іш. 3373, 3327, 3356),
ib@halykfinance.kz
SkyBridge Invest: +7 (727) 331 33 50 (ext.336), ib@sbinvest.kz
Фридом Финанс: +7 (727) 311-10-64/65 (іш. 616, 502, 342), ib@ffin.kz
BCC Invest: +7 727 244 32 32 (іш. 39040), ib@bcc-invest.kz
Jusan Invest: +7 727 644 00 (іш.800, 801) ib@jusaninvest.kz
дәйексөздің соңы
[2023-10-18]