KASE 2023 ЖЫЛДЫҢ 03 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

13.10.23 10:12
/KASE, 13.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2023 жылдың 10 қазанындағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – тізім) анықталғанын хабарлайды. Көрсетілген шешімге сәйкес 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады. --------------------------------------------------------------------------------- ---- --------- ----- Акцияның ---- --------- ----- # р/с коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлес* ----- -------- ------------ -------------------------------- ---- --------- ----- 1 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 40,4 1,0000000 7,0 2 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 30,5 0,2354827 14,6 3 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 0,8637437 14,1 4 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 10,0 1,0000000 4,8 5 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ 3,0 0,5369122 14,4 6 KSPI KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz" 24,6 0,0550485 14,4 7 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ 25,0 0,1181484 17,6 8 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,2 1,0000000 8,8 9 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 4,2 --------------------------------------------------------------------------------- * Fi, Ri және үлес параметрлері Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 03.11.23 басына акциялардың ағымдағы бағасына және 01.10.23 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептеледі. КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы. Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15 %) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі. Fi – 01.09.23 ж.б. еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 12.10.23 ж.б. тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр. Үлес – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2023-10-13]