АҚ "КазТрансОйл" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
03.10.23 10:08
/KASE, 03.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, АҚ "КазТрансОйл" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 384 635 600 дана;
- компанияның 384 635 599 жай акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 7 500 акциялары кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы"
АҚ болып табылады, оның меншігінде 346 172 040 жай акциясы (компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,00 % немесе орналастырылған
жай акцияларының жалпы санынан 90,00 %) бар.
[2023-10-03]