03 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Micron Technology, Inc. US5951121038 (MU_KZ) және AT&T Inc. US00206R1023 (T_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

02.10.23 16:23
/KASE, 02.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қазанынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: - US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) Micron Technology, Inc. (АҚШ); - US00206R1023 ("KASE Global" сектор, T_KZ) AT&T Inc. (АҚШ). Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 10 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 қазанынан бастап қайта басталады. [2023-10-02]