03 қазаннан бастап KASE-де Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
02.10.23 16:15
/KASE, 02.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қазанынан
бастап KASE орталық контрагент ретінде әрекет ететін және есеп айырысу күні
2023 жылдың 09 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо
операцияларға байланысты Mastercard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE Global"
секторы, MA_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 09 қазанында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге
асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 11 қазанынан бастап
қайта басталады.
[2023-10-02]