03 қазаннан бастап KASE-де JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

02.10.23 16:12
/KASE, 02.10.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қазанынан бастап KASE орталық контрагент ретінде әрекет ететін және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо операцияларға байланысты JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 06 қазанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 09 қазанынан бастап қайта басталады. [2023-10-02]