2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап листингілік рәсімдерді реттейтін KASE ішкі құжаттарына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

28.09.23 15:21
/KASE, 28.09.23/ – Қазақстан қор биржасы Директорлар кеңесінің (KASE) 2023 жылдың 27 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді: - Листингілік алымдардың мөлшерін, мерзімдерін және төлеу тәртібін анықтау ережелеріне № 6 толықтырулар; - Листингілік ережелерге № 9 өзгерту. Бұл түзетулер 2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап KASE Басқармасының 2023 жылдың 12 қыркүйегіндегі шешіміне сәйкес Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне енгіліген № 5 өзгертулер мен толықтыру қолданысқа енгізіледі. Жоғарыда көрсетілген түзетулермен листингтің толық рәсімі бойынша "негізгі" немесе "балама" алаңдарында KASE ресми тізіміне енгізілген акциялардың ерікті делистингі үшін алым белгіленді. "Негізгі" алаңының эмитенттері үшін бұл алым бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы үшін 1 000 АЕК, "баламалы" алаңының эмитенттері үшін – бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы үшін 500 АЕК құрайды. Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Листинг" қалташасы). [2023-09-28]