"ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ акционерлері қоғамның жарияланған акцияларының санын көбейту туралы шешім қабылдады

28.09.23 10:59
/KASE, 28.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының 2023 жылдың 22 қыркүйегіндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, номиналды құны 100 теңге болатын 15 435 378 жай акцияны және номиналды құны 100 теңге болатын 3 363 110 артықшылықты акцияны шығару арқылы Қоғамның жарияланған акцияларының жалпы санын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/MFOK/mfok_special_shareholders_meeting_results_220923_2414.pdf [2023-09-28]