KZ
9 мамыр 2025, 12:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.09.2023 15:06 #Сауда-саттық ақпараты

27 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қыркүйекте болатын МЕОКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 27.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 29 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 17 495 258 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 92,7537 % (кірістілік – жылдық 13,64 %) деңгейінде белгіледі.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қыркүйекте болатын МЕУКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалықғы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-09-27]