KZ
9 мамыр 2025, 12:01
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.09.2023 15:02 #Сауда-саттық ақпараты

27 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есеп айырысу 29 қыркүйекте болатын МЕУКАМ-96 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 27.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 29 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 21 379 344 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 89,9405 % (кірістілік – жылдық 13,09 %) деңгейінде белгіледі.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 29 қыркүйекте болатын МЕУКАМ-96 12-ші шығарылымын (KZKD00001160, MUM096_0012) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалықғы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-09-27]