/KASE, 27.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана), былай деп KASE хабарлады:
дәйексөздің басы:
Осымен "Электр желілерін басқару жөніндегі Казақстан компаниясы"
(Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – Қоғам немесе "KEGOC" АҚ), Қазақстан, Астана қаласы, Алматы
ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат, Z00T2D0 пошталық индексі
мекенжайы бойынша өзінің атқарушы органының (Басқармасының)
орналасқан жерімен, акционерлердің жалпы жиналысы "KEGOC" АҚ-ның
15 294 118 жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдағаны
(жиналыстың 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 34 хаттамасы) туралы мәлімет
жеткізеді.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
16 бабына сәйкес, Қоғам өз акционерлеріне өзінің басымдықпен сатып алу
құқығын іске асыру мақсатында Қоғамның жай акцияларын сатып алуды
ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
29 қазандағы № 253 қаулысымен бекітілген Акционерлік қоғам
акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске
асыру және одан бас тарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)
ережелерін орындау үшін Қоғам өз акционерлеріне келесі ақпаратты
жеткізеді:
1.Қоғамның жазбаша өкіміне сәйкес, басымдықпен сатып алуға құқығына
ие акционерлердің тізімі 2023 жылғы 26 қыркүйектегі (яғни
акционерлердің жалпы жиналысы "KEGOC" АҚ жай акцияларын
орналастыру туралы шешім қабылдаған күнге) 00 сағат 00 минуттағы
жағдай бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-мен
жасалған.
2.Орналастырылатын акциялардың саны мен түрі:
2.1 орналастырылатын акциялардың түрі – жарияланған жай
акцияларының саны шегінде "KEGOC" АҚ-ның жай акциялары (ISIN
KZ1C00000959 коды);
2.2 орналастырылатын акциялар саны – 15 294 118 (он бес миллион екі
жүз тоқсан төрт мың жүз он сегіз) дана.
3.Акцияларды орналастыру бағасы: Қоғамның бір жай акциясы үшін
1 482 (бір мың төрт жүз сексен екі) теңге.
4.Орналастырылған жай акциялар санының (Қоғамның өзi сатып алған
акцияларды шегергенде) Қоғамның орналастырылатын жай акциялары
санына арақатынасы – 259 998 610 : 15 294 118 (16,9999: 1).
5.Орналастырылатын акцияларды сатып алу шарттары.
5.1 Осы жарияланымда көрсетілген шарттарды ескере отырып,
акционерлер 2023 жылғы 26 қыркүйектегі 00 сағат 00 минутқа Қоғам
акционерлерінің тізіліміне сәйкес өздерiнде бар Қоғамның жай
акциялар санына пропорционалды1 Қоғамның орналастырылатын жай
акцияларын тең жағдайларда сатып алуға өтінім (бұдан әрі –
акцияларды сатып алуға өтінім) беру құқығына ие болады.
5.2 Акцияларды сатып алуға өтінім беретін мерзімі: мерзім акцияларды
орналастыру туралы осы жарияланған күннен кейінгі күннен басталады
және күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
Егер акцияларды сатып алуға өтінім беру мерзімінің соңғы күні жұмыс
істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні өтінім беру
мерзімінің аяқталған күні болып саналады.
5.3 Акциялардың ақысын төлеу мерзімі: "KEGOC" АҚ Жарғысының
ережелеріне сәйкес акционер Қоғамның басымдықпен сатып алу
құқығы бойынша сатып алынатын акциялардың ақысын төлеуді оларды
сатып алуға өтінім берілген күннен кейін күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күн
ішінде жүзеге асырады.
6.Акцияларды сатып алуға өтінім беру қағидалары.
6.1 Акционер Қоғамның орналастырылатын акцияларын сатып алуға өтінім
келесі тәсілдердің бірімен бере алады:
(a)ның тапсырылғаны туралы хабарламамен бiрге тапсырыс-хатпен
тікелей "KEGOC" АҚ-на жiбередi не акционер немесе оның уәкiлеттi
өкiлi тікелей «KEGOC» АҚ-ның өз қолына бередi:
(i)пошта мекенжайы – Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік
даңғылы, 59 ғимарат, Z00T2D0 пошта индексі, Астана уақыты
бойынша сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін;
(ii)Қоғамның акцияларын сатып алу мәселелері бойынша
акционерлермен қарымқатынас жасайтын тұлғалар:
(A)Абдиев Руслан Калиевич, Инвесторлармен байланыс
жөніндегі департаментінің директоры, тел.: +7 (7172) 690-293;
(B)Галидуллина Диляра Талгатовна, Инвесторлармен байланыс
жөніндегі департаментінің менеджері, тел.: +7 (7172) 690-297;
(b)акционер брокерлік қызмет көрсету туралы шарты бар брокерге
өтінім беріп "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның (бұдан әрі – KASE)
сауда-саттық жүйесі арқылы.
дәйексөздің соңы
Толық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_other_accidents_260923_6544.pdf
[2023-09-27]