"KEGOC" АҚ акционерлері акциялардың жарияланған саны шегінде KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларын орналастыруды бекітті
/KASE, 26.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2023 жылдың 26 қыркүйегінде өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде келесі шешім қабылдады:
дәйексөздің басы
"KEGOC" АҚ акцияларын орналастырудың түпкілікті шарттары (акцияларды орналастырудың бағасы, саны, құрылымы туралы) туралы Қордың Директорлар кеңесі кейіннен шешім қабылдай отырып және осы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына және 7-бабы 2- тармағының 13) тармақшасына, сонымен қатар "Самұрық- Қазына" АҚ Жарғысының 57-тармағының 19) тармақшасына және 49- тармағының 13) тармақшасына сәйкес бекіте отырып, төменде көрсетілген базалық шарттарда "KEGOC" АҚ жай акцияларының жарияланған саны шегінде орналастыру бекітілсін:
1) "KEGOC" АҚ-ның жай акцияларының саны 15 294 118 данадан аспайтын мөлшерде, бірақ кез келген жағдайда "KEGOC" АҚ акцияларының жарияланған саны шегінде;
2) "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) және "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы (AIX) алаңдарында жазылу тәсіліме;
3) "KEGOC" АҚ-ның 1 (бір) жай акциясы үшін 1 482 (бір мың төрт жүз сексен екі) теңге мөлшерінде өтінімдер жинау бағасы бойынш.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-09-26]