KZ
9 мамыр 2025, 14:45
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.09.2023 14:10 #Корпоративтік уақиғалар

"KEGOC" АҚ акционерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында KZ1C00000959 (KEGC) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 26.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KEGOC" АҚ (Астана) 2023 жылдың 26 қыркүйегінде өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • 2023 жылдың 30 маусымында аяқталған алты айдағы жағдай бойынша компанияның жартыжылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге 20 212 291 941,40 теңге бағытталсын;
  • 2 805 066 058,60 теңге компанияның иелігінде дамытуға қалдырылсын;
  • 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дивиденд мөлшері бір жай акцияға 77,74 теңге болып бекітілсін.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2023-09-26]