Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 қыркүйектен бастап "Форпост" ЖШС KZ2P00010135 (FPSTb2) облигациялары баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 26.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 22 қыркүйегінде "Форпост" ЖШС (Ұлытау обл.) KZ2P00010135 (FPSTb2; $100, $10,0 млн; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 10,75% 30/360) облигацияларының баламалы алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 26 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-09-26]