/KASE, 25.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) клирингілік
және есеп айырысу функцияларын, сондай-ақ орталық контрагентінің
функцияларын Биржаның 100 % еншілес ұйымы – "KASE клиринг
орталығы" АҚ-на (KACC) беруді жүзеге асырды.
Биржалық нарық инфрақұрылымының функцияларын бөлу эмитенттер мен
инвесторлар, оның ішінде жеке және институционалдық инвесторлар үшін
ұйымдастырылған нарықта операциялар жасау кезінде ең жақсы жағдайлар
жасау, ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу және қолданылатын
халықаралық стандарттарға қол жеткізу, сондай-ақ биржалық нарық
инфрақұрылымының тәуекелдерін ажырату мақсатында жүзеге асырылды.
25 қыркүйектен бастап KACC клирингілік қатысушылары "қор" санаты
бойынша KASE мүшесі болып табылатын 42 қаржы ұйымы болып
табылады. Клирингілік қызмет көрсетуге 1500-ден астам қаржы құралдары
қабылданды, оның ішінде KASE ресми тізіміндегі 253 эмитенттің 989 бағалы
қағаздар шығарылымы.
Осы уақиғаға арналған KASE және KACC бірлескен баспасөз мәлімдемесі
мына сілтемелер бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/press_releases/
және
https://kacc.kase.kz/ru/press-releases/
[2023-09-25]