/KASE, 22.09.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 20 қыркүйегінде
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері
МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша
қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың
22 қыркүйегінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 14 154 479 810,8 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 20 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында
151,3 млн МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) өтеуге
орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,60 %-бен орналастырды" тақырыбындағы
жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/kz/news/show/1508682/
[2023-09-22]