KZ
13 шілде 2025, 15:38
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.09.2023 17:26 #Сауда-саттық ақпараты

22 қыркүйекте Қазақстан қор биржасында Түркістан облысының әкімдігі KZMJ00001634 (TKK006_163) облигацияларын орналастыра отырып, 8,9 млрд теңге тартты

/KASE, 22.09.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001634 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK006_163) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтелгенге дейінгі мерзімі 6 ай 7 күн болатын 8 886 907 облигацияны орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 8,9 млрд теңге тартты.

Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды.

Бұған дейін "Бүгін Қазақстан қор биржасында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының 8,9 млн KZMJ00001634 (TKK006_163) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық жүргізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы жарияланған – толығырақ

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат келесі сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-09-22]