KASE Басқармасы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ KZ2C00010098
(BRKZb34) және KZ2C00010106 (BRKZb35) облигацияларын негізгі
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады
22.09.23 17:15
/KASE, 22.09.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2023 жылдың 22 қыркүйегінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) келесі
облигацияларының негізгі алаңын "коммерциялық облигациялар" санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00010098 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 365 күн; жартыжылдық
купон, мөлшерлеме облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады;
30/360);
- KZ2C00010106 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 365 күн; жартыжылдық
купон, мөлшерлеме облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы
сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады;
30/360).
Басқарманың осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын
болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға сәйкесінше BRKZb34 және BRKZb35 қысқартылған
белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат
басқарманың осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында
жарияланатын болады.
[2023-09-22]