/KASE, 22.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 22 қыркүйегінде
ұсынған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1 мекенжайы
бойынша орналасқан «ForteBank» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) осы арқылы
Алия Маратқызы Дыканбаеваның жеке бастамасы бойынша Банк басқармасының мүшесі –
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары ретіндегі өкілеттігі 2023 жылғы 29 қыркүйектен
бастап мерзімінен бұрын тоқтатылатынын хабарлайды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_220923.pdf
[2023-09-22]