/KASE, 22.09.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде KZ2C00009371 (KASE негізгі
алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb50) "Қазақстандық орнықтылық
қоры" АҚ (Алматы) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана
қ.уақытымен) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі.
-----------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00009371
KASE сауда-саттық коды: KFUSb50
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 40 000 000 000
– орналастырылған: 30 507 000 000
Айналыстың басталу күні: 14.07.23
Айналыстың соңғы күні 13.07.24
Өтеудің алғашқы күні 14.07.24
Айналыста болу мерзімі: 360 күн
Купон мөлшерлемесі жылдық 9,50 %
Купонды төлеу мерзімділігі айналыс мерзімінің соңында
1 рет
Купон төлеуді бастау күні 14.07.24
Уақыттық базасы: 30 / 360
---------------------------------------------- ------------------------------
Сауда-саттық күні: 22.09.23
Өтеуге дейін мерзімі: 292 күн
Жарияланған орналастыру көлемі 7 000 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: "таза" баға
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00
Кесім уақыты: 14:30 (Т+0)
Төлем уақыты: 22.09.23, 14:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең
немесе одан жоғары өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасына тең
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: немесе сатушы үшін неғұрлым
ұтымдырақ болатын, қарсылама
шектелімді өтінімдердің
бағалары бойынша
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарсылама өтінімдерді
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақытмен
Сауда-саттық бастамашысы "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы –
"BCC Invest" АҚ
-----------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен
үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда)
көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен
жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес
есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген
уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі сілтеме бойынша мына
жарияланды
https://kase.kz/ru/membership
Сауда-клирингілік жүйелерде Сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже
мына сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/KFUSb50/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-09-22]