/KASE, 21.09.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың
21 қыркүйегіндегі мынадай мазмұндағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды:
дәйексөздің басы
Қазақстан Республикасы, Z05p1p0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі,
8/1 мекен-жайында орналасқан "ForteBank" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
Банк) Банк Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Банктің Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі (№ 27 сырттай
дауыс беру хаттамасы) шешіміне сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап
Астан Серікұлы Сагитов Банк Басқармасының мүшесі – Басқарушы
директор болып сайланды.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_210923_.pdf
[2023-09-21]