KZ
13 шілде 2025, 13:10
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.09.2023 18:44 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 20 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында 8,3 млн МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымын (KZKD00000972, MUM216_0001) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,55 %-бен орналастырды

/KASE, 20.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 қыркүйегінде KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) (орналастыру және қосымша орналастыру бойынша) мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясы төменде көрсетілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткенін хабарлайды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------- -------------------------------
Сауда-саттық күні:                              20.09.23                       
Өтеуге дейінгі мерзім:                          12,9 жыл (4 630 күн)           
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:   10 000,0                       
Сауда-саттықтың мәні:                           "таза" баға                    
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70                             
Өтінім беру тәсілі:                             жабық                          
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    09:00–12:00                    
Өтінімдерді растау уақыты:                      09:00–12:00                    
Кесім күні мен уақыты:                          20.09.23, 15:00                
Төлем күні мен уақыты                           22.09.23                       
Шектелімді қарсылама өтінімдерді                қарсылама өтінімдердің көлеміне
қанағаттандыру тәсілі:                          пропорционалды
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    кесім бағасына тең немесе      
                                                сатушы үшін неғұрлым тиімді    
                                                болып табылатын, шектелімді    
                                                қарсылама өтінімдердің бағалары
                                                бойынша                        
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:      орташа сараланған баға бойынша 
-------------------------------------------------------------------------------

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін эмитент мамандандырылған сауда-саттық шеңберінде KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигацияларды 10 000,0 млн теңге сомасына орналастыруды жоспарлады. KASE сауда-клирингілік жүйесінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталған кезде белсенді өтінімдердің болмауына байланысты қосымша

---------------------------------------------------------------------------
ОРНАЛАСТЫРУ КЕЗІНДЕГІ СҰРАНЫМ                                              
ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                              
------------------------------------------------------- -------------------
Қатысушылар саны:                                       8                  
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),             16 / 16            
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           13 / 13            
– нарықтық:                                             3 / 3              
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,                  19 780,3           
оның ішінде:                                                               
– шектелімді:                                           18 130,3           
– нарықтық:                                             1 650,0            
Ұсынымға сұраным:                                       х2,5 есе           
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналдан % (барлығы / белсенді): 
– минималды                                             59,8972            
– максималды                                            79,0576            
– орташа сараланған                                     76,6447            
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):      
– минималды                                             11,7000            
– максималды                                            16,0000            
– орташа сараланған                                     12,1444            
--------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары         
  растаған өтінімдер.                                                      

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 74,5 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 20,3% тиесілі болды.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

-------------------------------------------------------------- ---------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың               8 338 210      
көлемі:                                                                       
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:                 6 694 122 516,8
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                             6              
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:                6              
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:              83,4           
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,                        32,8           
сұранымнан %:                                                                 
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға,                  79,0576        
номиналдан %:                                                                 
Сатып алушы үшін өтеуге облигациялардың кірістілігі, жылдық %: 11,7000        
------------------------------------------------------------------------------

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы көлемнің 24,6 % – банктер, 0,5 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 60,0 % – басқа институционалдық инвесторлар, 14,9 % – басқа заңды тұлғалар сатып алды.

Бұрын жүргізілген орналастыруды ескере отырып, МЕУКАМ-216 бірінші шығарылымының (KZKD00000972, MUM216_0001) толық көлемі номиналды құны 278 540 419 000 теңге болатын 278 540 419 облигацияны құрады

Осы орналастыру бойынша есептесулер Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-09-20]