20 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қыркүйекте болатын МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 20.09.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 22 қыркүйегінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-12 154- ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 15 132 562 800 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 93,5348 % (кірістілік – жылдық 14,60 %) деңгейінде белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қыркүйекте болатын МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалықғы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2023-09-20]