25 қыркүйектен бастап Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне енгізілген толықтырулар қолданысқа енгізіледі

18.09.23 17:12
/KASE, 18.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 15 тамызындағы шешімімен 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілетін, "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына № 1 толықтырулар (толықтырулар) бекітілді. Толықтыруларға сәйкес KASE есептейтін қор нарығының индекстері мен индикаторларының тізбесіне өтеуге дейінгі мерзімдер бойынша сегменттелмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының мынадай индекстері (агрегатталған индекстер) енгізілді: 1) KZGB_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін мемлекеттік бағалы қағаздардың баға индексі; 2) KZGB_DP – жиынтық кірістің баға индексі (есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып); 3) KZGB_Y – кірістілік көрсеткіштері, жылдық пайызбен. KZGB_CP индексінің бастапқы мәні 1 000,00 теңге, KZGB_DP – 1 000,00 теңге мөлшерінде МБҚ жиынтық индекстерінің өкілдік тізімі бойынша теңгемен көрсетілген жинақталған және төленбеген сыйақының орташа мәнін қоса отырып тіркелді. Толықтырулармен көрсетілген индекстерді есептеу тәртібі де анықталды. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Әдістемелер" қалташасы). [2023-09-18]