/ӨЗГЕРТІЛДІ/ "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ
KZ2C00005890 (TMJLb9) өзінің облигациялары бойынша сегізiнші
купонды төлегені туралы хабарлады
18.09.23 15:01
/KASE, 18.09.23, эмитенттің жаңартылған ақпаратты ұсынуына байланысты
қайта таратылады/ – "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ
(Астана) Қазақстан қор биржасына 2023 жылдың 13 қыркүйегінде
KZ2C00005890 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLb9) өзінің
облигациялары бойынша сегізiнші купондық сыйақысын төлегені туралы
хабарлады.
Берілген ақпаратқа сәйкес сыйақы 2 300 000 000 теңге көлемінде төленді.
[2023-09-18]