2023 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП KASE АЙНАЛЫСТАҒЫ "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ ЖАЙ АКЦИЯЛАР САНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ KASE ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТЕДІ

15.09.23 18:11
/KASE, 15.09.23/ – 2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап KASE Индексінің өкілеттік тізіміне кіретін акциялардың параметрлерін – еркін айналымдағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттерін KASE өзгертеді. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. ------------------------------------------------------------------------------ 2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін орналастыры- free шектеулі орналастыры- free шектеулі Акциялар лған акциялар float коэф- лған акциялар float коэф- коды саны (Fi),% фициент(Ri) саны (Fi),% фициент(Ri) ------------------------------------------------------------------------------ CCBN 188 029 035 40.4 1.0000000 188 029 035 40.4 1.0000000 HSBK 10 908 273 852 30.5 0.2354827 10 908 273 852 30.5 0.1984141 KCEL 200 000 000 34.1 0.8637437 200 000 000 34.1 0.8383145 KEGC 259 997 446 10.0 1.0000000 259 997 446 10.0 1.0000000 KMGZ 610 119 493 3.0 0.5369122 610 119 493 3.0 0.5431205 KSPI 189 912 828 24.6 0.0550485 189 912 828 24.6 0.0554883 KZAP 259 356 608 25.0 0.1181484 259 356 608 25.0 0.1367899 KZTK 10 706 024 19.2 1.0000000 10 338 514 16.3 1.0000000 KZTO 384 627 967 10.0 1.0000000 384 627 967 10.0 1.0000000 ------------------------------------------------------------------------------ КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ ""Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ "Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл". Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициенті (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2023-09-15]