KZ
9 мамыр 2025, 17:18
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.09.2023 18:11 #Индекстер мен индикаторлар

2023 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БАСТАП KASE АЙНАЛЫСТАҒЫ "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ ЖАЙ АКЦИЯЛАР САНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ KASE ИНДЕКСІНІҢ ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТЕДІ

/KASE, 15.09.23/ – 2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап KASE Индексінің өкілеттік тізіміне кіретін акциялардың параметрлерін – еркін айналымдағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттерін KASE өзгертеді.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

------------------------------------------------------------------------------
          2023 жылдың 20 қыркүйегінен бастап      2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін
            орналастыры-   free   шектеулі    орналастыры-   free  шектеулі   
Акциялар    лған акциялар  float  коэф-       лған акциялар  float коэф-      
коды        саны           (Fi),% фициент(Ri) саны          (Fi),% фициент(Ri)
------------------------------------------------------------------------------
CCBN        188 029 035   40.4  1.0000000     188 029 035    40.4  1.0000000
HSBK     10 908 273 852   30.5  0.2354827  10 908 273 852    30.5  0.1984141
KCEL        200 000 000   34.1  0.8637437     200 000 000    34.1  0.8383145
KEGC        259 997 446   10.0  1.0000000     259 997 446    10.0  1.0000000
KMGZ        610 119 493    3.0  0.5369122     610 119 493     3.0  0.5431205
KSPI        189 912 828   24.6  0.0550485     189 912 828    24.6  0.0554883
KZAP        259 356 608   25.0  0.1181484     259 356 608    25.0  0.1367899
KZTK         10 706 024   19.2  1.0000000      10 338 514    16.3  1.0000000
KZTO        384 627 967   10.0  1.0000000     384 627 967    10.0  1.0000000
------------------------------------------------------------------------------
КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ ""Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ "Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл".

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициенті (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2023-09-15]