13 қыркүйектен бастап "CHINATOWN" АҚ KZ1C00000629 (CAHO) жай акциялары "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздар қатарынан алынып тасталды
/KASE, 13.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 13 қыркүйегінен бастап "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздар қатарынан "CHINATOWN" АҚ (Алматы) KZ1C00000629 (CAHO) жай акциялары алынып тасталды.
Бұл шешім KASE-де заңды тұлға ретінде "CHINATOWN" АҚ таратылу туралы ақпараттың болуына байланысты қабылданды.
Аталған акциялар 2020 жылдың 30 қазанынан бастап "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында KASE-де айналысқа жіберілді.
Осы тақырып бойынша бұдан брын KASE 2023 жылдың 14 тамызындағы "14 тамыздан бастап KASE-де "CHINATOWN" АҚ-ның KZ1C00000629 (CAHO) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – толығырақ
[2023-09-13]