13 қыркүйектен бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009222 (EABRb42) облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

13.09.23 16:37
/KASE, 13.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 13 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00009222 облигациялары (1 000 теңге, 70,0 млрд теңге; 2 жыл; құбылмалы жартыжылдық купон - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасы + тіркелген маржа, маржа мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) енгізілді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 30 шілдесінде тіркеген Еуразиялық даму банкінің үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 250,0 млрд теңгеге бесінші болып табылады. Аталған облигацияларға EABRb42 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/ru/bonds/show/EABRb42/ [2023-09-13]