Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АНОНС: 14 ҚЫРКҮЙЕКТЕ KASE "ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ" АҚ ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 13.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 14 қыркүйегінде "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Қазақтелеком" АҚ басшылығымен онлайн кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу тақырыбы "Қазақтелеком" АҚ-ның 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің қорытындысы". Іс-шара сағат 11:00-де басталады.
"Қазақтелеком" АҚ-ның негізгі спикері Бас қаржы директоры Людмила Атамұратова болады.
Кездесудің модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов болады.
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет толығырақ
Тіркелгеннен кейін онлайн конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растаумен электрондық хат келеді.
[2023-09-13]