Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"KM GOLD" АҚ акционерлері 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 13.09.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "KM GOLD" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 29 тамызында өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған және аудиттелген жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның 2022 жылға таза табысының болмауына байланысты 2022 жылға дивидендтер төлемеу.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-09-13]