"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

08.09.23 11:07
/KASE, 08.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 31 тамызындағы шешімімен А.К. Рысқұлов Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады: Лавриненко Ю.И., Ульф Вокурка, Ирубаев К.К., Бердіғұлов Е.К., Ауғанов Г.К., Джон МакКей, Ширхубер Александр Андреас, Рысқұлов А.К., Сауранбаев Н.Е. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_board_changes_310823_91.pdf [2023-09-08]