07 қыркүйектен бастап листингілік рәсімдерді реттейтін KASE ішкі құжаттарына түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KASE, 07.09.23/ – Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесінің (KASE) 2023 жылдың 06 қыркүйегіндегі шешімімен KASE ішкі құжаттарына мынадай өзгертулер бекітілді:
- Листингілік ережелерге № 8 өзгертулер;
- Листингтік алымдардың мөлшерін, мерзімдерін және төлеу тәртібін анықтау ережелеріне № 5 өзгерту.
Бұл өзгертулер 2023 жылдың 07 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұдан басқа, көрсетілген күннен бастап KASE Басқармасының 2023 жылдың 29 тамызындағы шешіміне сәйкес Листингілік прцедураларды жүзеге асыру тәртібіне енгізілген № 4 өзгерту қолданысқа енгізіледі.
Жоғарыда көрсетілген түзетулер бағалы қағаздарды жеңілдетілген листинг процедурасы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу кезінде листингілік талаптарды нақтылау мақсатында енгізілді.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Листинг" қалташасы).
[2023-09-07]