07 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

07.09.23 09:43
/KASE, 07.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 07 қыркүйегінен бастап KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 28 қыркүйегінде және одан кейінгі күндерге келетін ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 28 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 02 қазанынан бастап қайта басталады. [2023-09-07]