07 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips
US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
07.09.23 09:43
/KASE, 07.09.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
07 қыркүйегінен бастап KASE олар бойынша орталық контрагент
функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 28 қыркүйегінде және одан кейінгі күндерге
келетін ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы,
COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 28 қыркүйегінде
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу
жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 02 қазанынан
бастап қайта басталады.
[2023-09-07]