KZ
8 шілде 2025, 12:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.09.2023 16:03 #Корпоративтік уақиғалар

"KASE клиринг орталығы" АҚ банктік операцияларды жүргізуге лицензия алды

/KACC, 06.09.23/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC) банктік операцияларды жүргізуге лицензия алғаны туралы хабарлайды, ол мынадай банк операцияларын (ұлттық және шетел валютасында) жүргізуге құқық береді:

  • банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
  • аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
  • заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары.

Лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылдың 28 тамызында 4.3.22 нөмірімен берді.

[2023-09-06]