"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның жалғыз акционері компанияның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

01.09.23 15:00
/KASE, 01.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) жалғыз акционерінің 2023 жылдың 31 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 380 625 569 000 теңге мөлшеріндегі 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін: - 58 616 337 626 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын; - 322 009 231 374 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_decision_sole_310823_3444.pdf [2023-09-01]