Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның жалғыз акционері компанияның 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті
/KASE, 01.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) жалғыз акционерінің 2023 жылдың 31 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 380 625 569 000 теңге мөлшеріндегі 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
- 58 616 337 626 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын;
- 322 009 231 374 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-09-01]