Т. Р. Салимов "First Heartland Jusan Invest" АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды

31.08.23 17:20
/KASE, 31.08.23/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған инвестициялық қорлардың басқарушы компаниясы болып табылатын "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 21 тамызындағы шешімімен Т. Р. Салимов компанияның Басқарма Төрағасы болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "First Heartland Jusan Invest" АҚ Басқармасы төрт адамнан тұрады: Салимов Т. Р., Оразбаева Д. М., Көшербаев М. М., Қасымбаева Ш. К. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FHJI/fhji_board_changes_210823_459.pdf [2023-08-31]