"Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
KZ2C00010023 (PRKRb9) облигациялары KASE-де негізгі алаңның
"облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
31.08.23 16:00
/KASE, 31.08.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2023 жылдың 31 тамызында "Азық-түлік келісім-шарт
корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00010023 (1 000
теңге, 40,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі жарты жылдық купон – TONIA
Compounded + тіркелген маржа, маржа мөлшері облигацияларды
орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттық нәтижелері
бойынша анықталады; 30/360) облигацияларының KASE ресми тізімінің
негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім
қабылдады
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 21 ақпанында
100,0 млрд теңге сомаға тіркеген "Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы"
Ұлттық компаниясы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шегінде үшінші
болып табылады.
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ-ның
қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға PRKRb9 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-08-31]