Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ-ның жалғыз акционері компанияның жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 31.08.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 28 тамызындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады:
- компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу, таза кірісті компанияның дамуына бағыттау.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2023-08-31]