/KASE, 29.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KASE-ге ұсынған ақпараттық
хабарламада былай деп мәлімделеді:
дәйексөздің басы
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлерінің жалпы жиналысының
отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысында қабылданған шешімге (2023 жылғы 25 мамырдағы № 48 хаттама) сәйкес бір
жай акцияға 25,38 теңге мөлшерінде 2022 жыл қызметінің қорытындылары бойынша Банктің
жай акциялары (ISIN KZ000A0LE0S4) бойынша дивидендтер төлеу аяқталғаны туралы
хабарлайды.
2023 жылғы 31 мамырдың сағат 00:00 жағдайы бойынша дивидендтер алуға құқығы бар
акционерлер тізіміне сай төленуі тиіс Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер
сомасы 276 851 990 363,76 теңгені, оның ішінде базалық активі Банктің шығарылған
жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша
78 790 091 277,60 теңгені
құрады.
Банктен немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе
номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде дивидендтер төлеу үшін өзекті деректемелері
бар Банк акционерлеріне нақты төленген дивидендтер сомасы 2023 жылғы 6 маусымнан
бастап (дивидендтерді төлеу басталған күн) 2023 жылғы 23 тамызды қоса алғанда,
276 137 966 600,64 теңгені, оның ішінде базалық активі Банктің шығарылған жай
акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар бойынша – 78 790 091 277,60
теңгені құрады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_290823_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_dividends_290823_None.pdf – орыс
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_290823_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-08-29]