/KASE, 23.08.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) 2023 жылғы 05 қыркүйекте сағат 10:00-де
KZ2P00003874 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb1) облигацияларын
ұстаушылардың жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге хабарлады күн тәртібіне келесі
сұрақтар
енгізілген:
- KZ2P00003874 (FATNb1) облигациялары бойынша айналыс мерзімінің өзгеруін
бекіту туралы шешім қабылдау;
- KZ2P00003874 (FATNb1) облигациялар шығару проспектісіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау.
Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында
орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatn_information_050923.pdf
[2023-08-23]