/KASE, 23.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 15 тамызында өткен
акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2022 жылдағы таза табыстың болмауына байланысты 2022 жылдың қорытындысы
бойынша компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекітпеу және компанияның
бір жай акциясына есептегенде 2022 жылға дивиденд мөлшерін белгілемеу.
Бұл ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_results_150823_.pdf
[2023-08-23]