/KASE, 23.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың
22 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның
ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып
тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2023 жылғы 30 маусымда
аяқталған үш және алты айдың 34 "Аралық қаржы есептілігі" қаржы есептілігінің
халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық
шоғырландырылған қаржы есебін жариялайды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші
жартыжылдығындағы басты қаржы көрсеткіштері:
- Түсім 4 642 млрд теңгемен (10 315 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 3 943 млрд
теңгені (8 726 млн АҚШ долларын) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 1 393 млрд теңгемен (3 095 млн АҚШ доллары) салыстырғанда
1 116 млрд теңгені (2 470 млн АҚШ долларын) құрады.
- Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар
кірісіндегі үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 492 млрд теңгені
(1 088 млн АҚШ долларын) құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 775 млрд теңге
(1 722 млн АҚШ доллары) көлемінде тіркелген.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісінің
үлесіне шаққандағы таза пайда2 266 млрд теңге (589 млн АҚШ доллары) болды.
2022 жылы таза пайда көлемі 352 млрд теңгені (782 млн АҚШ долларын) құраған.
- Бос ақша ағымы былтырғы 571 млрд теңгемен (1 268 млн АҚШ доллары)
салыстырғанда 217 млрд теңгені (481 млн АҚШ долларын) құрады;
- 2023 жылдың 30 маусымындағы жалпы қарыз көлемі - 3 977 млрд теңге
(8 788 млн АҚШ доллары). 2022 жылы 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш
4 143 млрд теңгені (8 956 млн АҚШ долларын) құраған;
- 2023 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2022 жылғы
31 желтоқсандағы 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ доллары)
деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 255 млрд теңгені (4 983 млн
АҚШ доллары) құрады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_220823_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_220823.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_220823_en.pdf –
ағылшын тілінде.
[2023-08-23]