"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ 14 тамызда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелерін хабарлады

21.08.23 17:54
/KASE, 21.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 21 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланған: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз", "ҚМГ" немесе "Компания") 2023 жылғы 14 тамызда өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – «АКЖЖ») дауыс беру қорытындыларын жариялайды. ... "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы" АКЖЖ дауыс беру қорытындысы бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің 8 (сегіз) адамнан тұратын жаңа құрамы сайланды: 1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл; 2. Отыншиев Елжас Мұратұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл; 3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл; 4. Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы; 5. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, тәуелсіз директор; 6. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, тәуелсіз директор; 7. Холланд Филип Малкольм, тәуелсіз директор; 8. Мыңшарипова Сая Найманбайқызы, тәуелсіз директор Сондай-ақ дауыс беру нәтижелері бойынша Ернат Бердіғұлов ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. ҚМГ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, тәуелсіз директор Кристофер Уолтон ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 9 жылдан астам уақыт тәуелсіз директор ретінде ұлттық компанияның Директорлар кеңесінің құрамында болғандықтан кеңес құрамынан шықты. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нүқсасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_210823_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_210823.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_210823_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-08-21]