KZ
9 мамыр 2025, 15:08
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.08.2023 17:54 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы " АҚ 14 тамызда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелерін хабарлады

/KASE, 21.08.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 21 тамызындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланған:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз", "ҚМГ" немесе "Компания") 2023 жылғы 14 тамызда өткізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – «АКЖЖ») дауыс беру қорытындыларын жариялайды.

...

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы"

АКЖЖ дауыс беру қорытындысы бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің 8 (сегіз) адамнан тұратын жаңа құрамы сайланды:

1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;

2. Отыншиев Елжас Мұратұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;

3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ мүддесін қорғайтын өкіл;

4. Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы;

5. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, тәуелсіз директор;

6. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, тәуелсіз директор;

7. Холланд Филип Малкольм, тәуелсіз директор;

8. Мыңшарипова Сая Найманбайқызы, тәуелсіз директор

Сондай-ақ дауыс беру нәтижелері бойынша Ернат Бердіғұлов ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

ҚМГ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, тәуелсіз директор Кристофер Уолтон ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 9 жылдан астам уақыт тәуелсіз директор ретінде ұлттық компанияның Директорлар кеңесінің құрамында болғандықтан кеңес құрамынан шықты.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нүқсасы жарияланды:

[2023-08-21]