17 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson
US4781601046 (JNJ_KZ) акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
17.08.23 11:21
/KASE, 17.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 17 тамызынан
бастап Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2023 жылдың 18 тамызында
Johnson & Johnson US49177J1025 жай акцияларының Kenvue компаниясының 1,5 миллиард
US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен алмасу жүзеге асырылатыны туралы хабарламасы
негізінде уақытша тоқтатылды.
[2023-08-17]