"FIVE BROKERS CAPITAL" АҚ өзінің KZ2C00008662 (FIVEb3)
облигацияларын өтегені туралы хабарлады
16.08.23 17:35
KASE, 16.08.23/ – "FIVE BROKERS CAPITAL" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына
(KASE) 2023 жылдың 15 тамызында өзінің KZ2C00008662 (FIVEb3) облигацияларының
өтелуі туралы хабарлады, оның аясында аталған облигациялар бойынша соңғы
төртінші купондық сыйақы төленді.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы
103 750 000 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық
номиналды құны) – 100 000 000 теңге, төртінші купондық сыйақы – 3 750 000 теңге.
[2023-08-16]